Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 420 гектардан астам орман сақталды

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 420 гектардан астам орман сақталды

 Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман шаруашылықтары мен ұлттық парктердің орманды кесу көлемін негізсіз асыра көп есептеу фактілерін анықтады.

 Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

 Қарау нәтижесінде 16 орман шаруашылығы мен ұлттық парктер кесуге мәлімдеген 108,9 мың текше метр орманның 46% немесе 50 мың текше метрден астамы алынып тасталды.

 Жоғарыда аталған инспекция бөлімінің жауапты басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 Осылайша, прокуратураның шараларымен орман қорын 420 гектарға ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді. 

   Ақмола облысының прокуратурасы