Ақмола облысының прокурорлары құны 400 миллион теңге тұратын ғимаратты сатып алу бойынша заңсыз конкурстың жолын кесті

Ақмола облысының прокурорлары құны 400 миллион теңге тұратын ғимаратты сатып алу бойынша заңсыз конкурстың жолын кесті

Степногорск қаласының прокуратурасы құны 400 млн.теңгені құрайтын ғимаратты мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты заңсыз өткізу фактісін анықтады.

Осылайша, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны дұрыс анықтамаған, сондай-ақ қызмет көрсетушілерге конкурсқа қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру қағидатын бұза отырып, техникалық спецификацияда көрсетілген ғимараттың техникалық сипаттамалары белгілі бір өнім берушіге тиесілілігін көрсеткен.

Прокуратураның ұсынуы бойынша ММ «Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімі» мәдени-спорттық кешеннің тұрғын емес  ғимаратын сатып алу үшін 10.01.2024ж. жарияланған конкурс жойылды.

Осылайша, прокуратура шараларымен 400 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облысының прокуратурасы