Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Өздеріңіз білетіндей, мүгедектігі бар адамдар халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады, ал мемлекет өз кезегінде оларға түрлі жеңілдіктер береді.

Еңбек заңнамасындағы жеңілдіктер:

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әріҚР ЕК) 69–бабының 3-бөлігіне сәйкес I және II топтардағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

ҚР ЕК-нің 89-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес I және II топтардағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермегені үшін (ҚР ӘҚБтК 88-бабы) және жұмыс уақытының қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асырғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 89-бабы) жұмыс берушінің жауапкершілігі көзделген.

Жоғарыда көрсетілген жеңілдіктерді беруден бас тартқан жағдайда, Сіз                  Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасына жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойып жүгіне аласыз.

Салық заңнамасындағы жеңілдіктер:

ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 490-бабының 3-бөлігінің 6-тармақшасына, 526-бабының 2-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар көлік құралдарына (меншіктегі мотоколяскалар мен автомобильдер бойынша – салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша) және жеке тұлғалардың мүлкіне (тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша; үй жанындағы жер учаскелері бойынша; құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша; гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша) салық төлеушілер болып табылмайды.

ҚР СК-нің 616-бабының 13-тармақшасына, 617-бабының 4-тармақшасына, 622-бабының 4, 5-тармақшаларына сәйкес мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі соттарда (барлық істер мен құжаттар бойынша), нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде, паспорттар мен жеке куәліктер берген кезде, автокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру кезінде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

ҚР СК 346-бабының 1-бөлігінің 2, 3-тармақшасына сәйкес стандартты шегерімдер АЕК-тің 882 еселенген мөлшері (күнтізбелік жыл үшін) болып табылады, бұл адамның бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар адам, сондай-ақ мүгедектігі бар баланың ата-аналарының бірі болып табылады  (яғни, егер Сіздің жылдық табысыңыз 882 АЕК-тен аспаса, онда Сіз ЖТС төлеуден босатыласыз).

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Ақмола облысының прокуратурасы