Кезекті «ДРОППЕРҒА» үкім шығарылды

Кезекті «ДРОППЕРҒА» үкім шығарылды

   Көкшетауда 2 жас баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ананың ақша қаражаттарын алдау жолымен иеленген 21 жастағы қала тұрғынына қатысты үкім шығарылды. 

   «А» азаматы адамдар тобымен жас қыздарға анасының жоқтығын пайдалана отырып, анасының жол көлік оқиғасына түскені жөнінде ойдан шығарылған оқиға туралы хабарлағаны анықталды.

   Олардың аналарына қатысты проблеманы шешу сылтауымен, қаскүнемдер 18 000 000 теңге сомасында пәтер сатып алуға жинақталған жәбірленушінің ақшасын иемденді.

   2023 жылдың 8 қыркүйегінде сот «А» азаматын орташа қауіпсіздік мекемесінде 5 жылға бас бостандығынан айырды.

   Үкім заңды күшіне енген жоқ.

   Қазіргі таңда алаяқтардың жаңа түрі қарқын алып келе жатқанын хабарлаймыз.

   Схеманың мәні мынада: қаскүнемдер телефонға қоңырау шалып, туыстарының апатқа ұшырағанын және басқа да қиын өмірлік жағдайларға тап болғанын хабарлайды және ақшамен көмектесуді сұрайды. Бұдан әрі, өздерін жалған есімдермен таныстыра отырып, туыстарының мүддесі үшін ақша беру түрінде оларды өздеріне тағай ындайды.

   Осыған орай, қала прокуратурасы Сіздерді сақ болуға және алаяқтардың қулықтарына түспеуге шақырады.

Ақмола облысының прокуратурасы