2023 жылғы 3 қыркүйекте әлеуметтік желілерде Атбасар ауданының №1 түзеу мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарға қатысты күш қолданғаны туралы бейнероликтер жарияланған.
Осы факті бойынша Ақмола облысының прокуратурасы ҚК 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар).
Осы күні прокуратура өкілдері бірінші кезектегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырумен аталған мекемеге барды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Ақмола облысының прокуратурасы