Ақмола облысында балалар лагерлерінің қызметінде бұзушылықтар анықталды

Ақмола облысында балалар лагерлерінің қызметінде бұзушылықтар анықталды

   Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасы бойынша Ақмола облысының прокуратурасы балалардың сауықтыру орталықтарының (балалар лагерлерінің) қызметінде кешенді тексерулер жүргізуде.

   Тексерудің алдын ала нәтижелерімен: санитарлық-эпидемиологиялық заңнама, өрт қауіпсіздігі, еңбек, білім беру, медициналық заңнама және т.б. талаптарының бұзылуы анықталды.

   Мысалы, БСО-ң бірінде 21 қызметкердің 18-і еңбек шарттарынсыз және санитарлық кітапшаларсыз қабылданған.

   Лагерьде 100 баланың орнына белгіленген нормадан көп балалардың бір мезгілде болу фактілері анықталды, іс жүзінде демалыста 170 бала бар.

   БСО-ң аумақтары мен үй-жайларын тексеру кезінде спирттік ішімдіктерден бос бөтелкелер, темекі бумалары, құрамында спирті бар сусындарды өндіруге арналған айшықты аппарат, пневматикалық қару, балалар лагерінің ас үй аймағында сақталған тышқанның уы және басқа да тыйым салынған заттар табылды.

   Кейбір БСО-ң әкімшілігі балаларды тиісті нұсқаушылардың (құтқарушылардың) сүйемелдеуінсіз жаппай шомылу орындарына (шомылуға тыйым салынады) апару фактілер анықталды.

   Тексеру іс-шаралары жалғасуда және нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады.

Ақмола облысының прокуратурасы