Ақмола облысының арнайы прокурорлары АҚШ азаматшасынан мүлік өндіріп алды

Ақмола облысының арнайы прокурорлары АҚШ азаматшасынан мүлік өндіріп алды

   Қылмыстық істі тергеу аясында облыстың арнайы прокурорларының өтініші бойынша Ақмола облыстық сотының қаулысымен мемлекет пайдасына АҚШ азаматшасы «Г.Ю.А.» мүлкі тәркіленді.

   Тергеу барысында Бурабай жағалауында орналасқан жер учаскесі бар жеке клиниканың жаңа ғимараты мен «Лексус» маркалы автокөліктің заңсыз сатып алынғаны анықталды.

   Айта кету керек, «Г.Ю.А.» клиникалар желісінің иесі бола тұра, Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларымен бір топта Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ескі медициналық жабдықты жаңа ретінде жеткізіп 1 167 513 600 теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырғаны бойынша күдіктенеді, сонымен қатар медициналық жабдықтардың бір бөлігі жұмыс істемейтіндігі анықталды.

   Кейіннен ол осы ақшаға жаңа емхана ғимаратын 890 млн теңгеге салып, оны мемлекетке 4,5 млрд теңгеге сатуға тырысқан.

    «Г.Ю.А.» 2021 жылғы сәуірде қылмыстық іс тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткен.

   Осыған байланысты, оған сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол халықаралық іздеуге жарияланды. 

   Ақмола облыстық сотының 02.06.2023 жылғы қаулысымен (заңды күшіне енді) мемлекет пайдасына жоғарыда аталған мүлік тәркіленді.  

   Өз кезегінде, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларын айыптау бойынша негізгі қылмыстық іс сотта. Олар күзетпен ұсталуда.

   Ақмола облысының арнайы прокурорлары республика бойынша алғаш рет халықаралық іздеуде жүрген адамның мүлкін үкім шығарғанға дейін сотқа дейінгі тәркілеу тетігін қолданғандығын атап өткен жөн.