Ақмола облысының прокуроры Айдос Серікханұлы Майлыбаевтың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Ақмола облысының прокуроры Айдос Серікханұлы Майлыбаевтың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Ақмола облысының прокуроры Айдос Серікханұлы Майлыбаевтың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

   2022 жылдың 28 қарашасында облыс прокуроры А.С. Майлыбаевтың төрағалығымен 2021 жылы және ағымдағы жылдың 9 айында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

   Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшелері, облыс әкімінің орынбасары, облыстың құқық қорғау, арнайы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

   Мемлекет басшысы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударды.

   Тұрмыстық қылмыстың алдын алу ішкі істер органдарының басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асыратын негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

   Соңғы 5 жылда облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық 2 есеге дейін артқан, тек осы жылы ғана қылмыстар саны 12,7% - ға қысқарды.

   Алайда, осы бағытта қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін ескере отырып, бұл мәселе бүгінгі Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілді.

   Отырыс барысында жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының міндетін атқарушы Е.З. Хұсайыновтың, облыс прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау Басқармасының бастығы М.М. Рыскелдиннің баяндамалары тыңдалды.

   Облыс прокуроры отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша тиісті шараларды уақтылы қабылдауға назар аударды.

   Өз сөзінде облыстың Полиция Департаментінің бастығы генерал-майор Д.Ә. Таев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте нақты шаралар қабылданатындығын атап өтті.

   Сол сияқты, облыс әкімінің орынбасары А.Б. Әмренова жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты ерекше бақылауда ұстайтынын және жоспарды жаңалаумен нақты шара қабылдайтынын атап өтті.

   Сондай-ақ, облыс прокуроры көрсетілген проблемаларды шешу бойынша пәрменді тетіктерді пысықтау қажеттігін көрсетті.

   Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға проблемалық мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді және осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірленді.