Есірткіге - стоп!

Есірткіге - стоп!

Есірткіге - стоп!

   Соңғы жылдары есірткі заттарының заңсыз айналымы мәселесі біздің еліміз үшін өзекті болып отыр.

   Ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыс прокуроры  А.С. Майлыбаевтың төрағалығымен құқық қорғау және арнайы органдардың қатысуымен есірткі қылмысына қарсы күрес мәселелері бойынша алқа отырысы өткізілді, оның нәтижелері бойынша облыс прокуроры құқық қорғау органдарына қылмыстарды анықтау әдістерін жетілдіру бойынша бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды.

   Әлеуметтік желілердегі есірткі сайттарын анықтауға, оларды бұғаттауға және "дәріханалық" нашақорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аударылды.

   Ақмола облысының аумағында құрамында кодеин бар препараттарды дәрігердің тиісті рұқсатынсыз сату жағдайлары жиілеп кетті. Бақылауды арттыру және олардың заңсыз іске асырылуын азайту мақсатында облыс прокуратурасы полиция және фармацевтикалық бақылау департаменттеріне осындай фактілердің жолын кесу бойынша тұрақты негізде бірлескен рейдтер жүргізуді тапсырды.

   Бұдан басқа, құқық қорғау және арнайы органдарға азаматтардың есірткі құралдарын пайдаланудың зияны және олардың айналымы үшін көзделген жауапкершілік туралы хабардар болу деңгейін арттыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.