Ақмола облысының прокуратурасында алқа отырысы өтті

Ақмола облысының прокуратурасында алқа отырысы өтті

Ақмола облысының прокуратурасында алқа отырысы өтті

Бүгін 22 қыркүйекте Ақмола облысының прокуроры Айдос Серікханұлы Майлыбаевтың төрағалық етуімен облыстың құқық қорғау, арнайы және басқа да уәкілетті органдары өкілдерінің қатысуымен алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында есірткі қылмыстарымен, алаяқтықпен, соның ішінде интернет-алаяқтықпен күрес бойынша жұмыс жағдайына байланысты бірқатар өткір мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, алқа отырысында прокуратура жүргізген сотталғандарға телефон арқылы сөйлесу құқығы, кездесу және т. б. заңдылығын тексеру нәтижелері қаралды.

Отырыста интернет-алаяқтық бойынша істерді тіркеудің өсуіне, сондай-ақ синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, алқа отырысында сотталғандарға телефон арқылы сөйлесу, кездесу және т. б. құқық беру жөніндегі облыстың пенитенциарлық жүйесінің (колониялардағы) жұмысындағы кемшіліктер айтылды.

Облыс прокуроры А.С. Майлыбаев ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуын ескере отырып, интернет-алаяқтықтың таралуын барынша азайту бойынша жаңа шаралар қабылдау қажеттігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, облыс прокуроры алаяқтықтың осы түрінің жолын кесу бойынша қысқа мерзімде нақты ұсыныстар енгізуді және киберқауіпсіздікке полиция қызметкерлерін арнайы оқыту мүмкіндігі туралы мәселені қарауды тапсырды.

Пенитенциарлық жүйеде (колонияларда) сотталғандардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілмеу керектігін атап өтіп, облыс прокуроры осы мекемелердің басшылығы тарапынан бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.