Үйлестіру кеңесінің отырысы

Үйлестіру кеңесінің отырысы

Үйлестіру кеңесінің отырысы

19 қыркүйекте облыс прокуроры Айдос Серікханұлы Майлыбаевтың төрағалығымен облыстың құқық қорғау және арнайы органдары басшыларының қатысуымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Сондай-ақ, отырысқа «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар шақырылды.

Отырыстың бірінші мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары А.Ж. Жакиялин ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндама жасады.

Спикер агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша облыс прокуратурасымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамыту үшін көп миллиардтық сома бөлінетінін ескерсек, одан пайда тапқысы келетіндер азаймайды.

Айта кету керек, арнайы прокурорлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп ауыл шаруашылығы Басқармасының қызметкеріне және басқа тұлғаларға қатысты мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құруға бөлінген 96 млн.теңгені ұрлаған қылмыстық істердің тергеуін аяқтады.

Осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін Үйлестіру кеңесінің алаңында облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.

Отырыста екінші мәселе қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың жай-күйі талқыланды.

Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитет Басқармасы өкілінің баяндамасында қылмыстық қудалау органдарының объективті және шынайы құқықтық статистикалық ақпаратты қамтамасыз ету бойынша бірқатар кемшіліктер атап өтілді.

Облыс прокуроры статистикалық есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз етудің, сондай-ақ қылмыстық процестегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ашықтығы мен оларды жою үшін маңыздылығын, қылмыстық істерді электрондық форматқа көшіруді жандандыру қажеттігін атап өтті.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы А.Т. Рахимов және облыстық полиция Департаментінің бастығы Д.А. Таев қылмыстық процестегі сенімді статистикалық есептіліктің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қылмыстық істерді электрондық форматта тергеуге байланысты техникалық проблемаларды талқылауға шығарды.

Электрондық жүйелердегі жұмысқа байланысты осы және басқа да мәселелерді шешу үшін құқық қорғау және арнайы органдар басшыларының бірлескен өкімімен жұмыс тобы құрылды.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен проблемалық мәселелерді жою бойынша егжей-тегжейлі жоспар, сондай-ақ оларды шешу жолдары жасалды.