Облыс прокурорының студенттермен кездесуі

Облыс прокурорының студенттермен кездесуі

Облыс прокурорының студенттермен кездесуі

Ақмола облысының прокуроры А.С.Майлыбаев Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жиналғандарға облыс прокуроры қадағалаудың негізгі бағыттары, құқық қорғау қызметіне түсу тәртібі және конкурстық іріктеудің кезеңдері туралы айтты.

Жоғары оқу орнының кадрлардың ұстаханасы екеніне назар аударып, облыс прокуратурасының 24 қызметкері Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің түлектері екенін көрсетті.

Қадағалау органы басшысының студенттермен кездесуі достық атмосферада өтті, қатысушылар құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің шарттарына, квалификациялық талаптарға және Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының қызметіне қызығушылық танытты.

Олар барлық сұрақтарға толық және нақты жауап алды.