Кәсіпкерлерді қорғау бойынша форум өтті

Кәсіпкерлерді қорғау бойынша форум өтті

Кәсіпкерлерді қорғау бойынша форум өтті

   Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Ақмола облысы әкімдігінің алаңында облыс прокуратурасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және облыс әкімдігі бірлесіп кәсіпкерлерді қорғау бойынша кеңейтілген форум өткізді.

   Форумға облыстың 100 жуық шағын, орта және ірі бизнес өкілдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары, қоғам қайраткерлері қатысты.

   Форум барысында кәсіпкерлер облыс прокуроры мен мемлекеттік органдардың басшылары алдында жерге, үлескерлерге қатысты көкейтесті проблемаларын айтып, бірқатар түйінді мәселелер талқыланды. Отырыста өз шешімін тапқан сұрақтар да болды.

   Жалпы форум алаңыда облыс прокуроры А.С. Майлыбаев та облыс әкімінің міндетін атқарушы М.С. Таткеев және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының басшысы Е.С. Мұсылманбек те бір ауыздан кәсіпкерлерге қатысты қандай да бір бұзушылықтарды шешуден бұрын, оған жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.

   «Алдағы уақытта да прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда Атамекен кәсіпкерлер палатасымен және өзге де мүдделі органдармен бірлесіп тығыз жұмыс атқаруын жалғастырады» - деп облыс прокуроры өз сөзін түйіндеді.