Облыс прокуроры облыстың экономикалық тергеу Департаментінің қорытынды алқасына қатысты

Облыс прокуроры облыстың экономикалық тергеу Департаментінің қорытынды алқасына қатысты

Облыс прокуроры облыстың экономикалық тергеу Департаментінің қорытынды алқасына қатысты

Ағымдағы жылғы 22 шілдеде Ақмола облысының прокуроры А.С. Майлыбаев облыстың экономикалық тергеу Департаментінің 1-ші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша алқасына қатысты.

Алқа отырысында облыс прокуроры Департамент жұмысының оң қарқынын атап өтіп, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша одан әрі үйлесімді жұмыстың маңыздылығына назар аударды.

Атап айтқанда, прокурор кәсіпкерлерге қатысты тергеудің басталуы заңдылығы, бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуға жол бермеу сияқты және т.б. маңызды бағыттарға назар аударды.

Сондай-ақ алқа отырысы барысында облыс прокуроры көлеңкелі экономиканы анықтау, сондай-ақ активтерді, соның ішінде шетелден қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығы туралы айтты.