Ақмола облысының прокуроры журналистерді құттықтады

Ақмола облысының прокуроры журналистерді құттықтады

Құрметті журналисттер, бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Журналисттік салада қызмет ету – бұл зор мәртебе және үлкен жауаптылықты қажет ететіндігі сөзсіз.

Бұқаралық ақпарат құралдары әлемде, елімізде және өңірлерде болып жатқан маңызды оқиғаларды халыққа жеткізуде ерекше орын алуда.

Бүгінде толассыз ақпараттық ағымда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері үшін шынайы, әрі толық ақпарат тарату басты мақсат болуы қажет.

Ақмола облысы прокуратура органадарының қадағалау жұмысында қол жеткізілген оң нәтижелерін оқырмандар мен тыңдаушыларға уақтылы, әрі шынайы жеткізуде журналисттердің ролі ерекше.

Алдағы уақытта да осындай бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде Жаңа Қазақстан құруда әділетті қоғам санасын қалыптастырамыз деп сенемін.

Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жұмыста табыс және шығармашылық шабыт тілеймін!