Облыс прокуратурасына жаңа қызметкерлер қабылданды

Облыс прокуратурасына жаңа қызметкерлер қабылданды

Бүгін Ақмола облысының прокуроры А.С.Майлыбаев Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған тыңдаушылардың екінші легін қабылдады.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев жас мамандарға алдағы қызметтері үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтіп, жұмыста табыс тілеп шығарып салды.

Сондай-ақ облыс прокуроры жаңару мен жаңғырудағы «Жаңа Қазақстанның» жетелеуші күші болашақта осы жастар болатынына үлкен сенім білдірді.

Жас мамандар облыстың бірқатар аудандарында одан әрі қызмет атқаруға және тәжірибе жинауға жолданатын болады.