Мәңгілік даңқ

Мәңгілік даңқ

Мәңгілік даңқ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге орай Ақмола облысының прокуроры А.С. Майлыбаев облыс әкімі Е.Б. Маржықпаевпен және облыстың құқық қорғау органдары басшыларымен бірге Халық қаһарманы Талғат Бигелдиновтің және екінші дүниежүзілік соғыс батырларының ескерткіштеріне, «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, облыстың тұрғындарын, тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады.