Масаң күйде көлік құралын басқарған жүргізуші үлкен қауіп төндіретіні және олардың әрекеттері қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екені белгілі.
Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыс прокуратурасымен тексерулер жүргізіліп, қадағалау және ден қою актілері енгізілген.
Полиция қызметкерлерімен мас жүргізушілерді анықтау бойынша қарқынды жұмыс атқарылып, оларға қатысты материалдар сотқа жолданады.
Сонымен қатар, екі жағдайда аудандық соттар істерді қысқартқан. Негіз ретінде құқық бұзушы ұзақ уақыт сотқа келуден жалтарғаны көрсетілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабына сәйкес, тұлға - әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ бұл мерзім іс сотқа жолданған соң тоқтайды.
Осыған байланысты прокуратурамен заңсыз сот актілеріне апелляциялық өтінішхаттар енгізілген.
Облыстық соттың апелляциялық сатысында барлық мән-жайлар тексеріліп, прокуратураның ұстанымымен келісіп, қысқарту туралы қаулылардың күші жойылды.
Құқық бұзушылар көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру және қамауға алу түрінде жаза қолданып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жүргізушілерді жол қозғалысы Ережелерін сақтауға және көлікті мас күйінде басқаруға жол бермеуге шақырамыз..