Заңсыз тексерудің жолы кесілді

Заңсыз тексерудің жолы кесілді

Көкшетау қаласы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобымен жеке кәсіпкер Д.Мусахметованың қызметіне заңсыз тексеру жүргізу фактісі анықталды. 

Анықталғандай, Тұрғын үй инспекция бөлімінің қызметкерлері 2020 жылдың күзінде азық-түлік дүкеніне бірнеше рет келген және төбені нығайту үшін тіректерді орнатуға құжатталарды ұсынуды талап еткен, үй-жайға визуалды тексеру жүргізген, сол әрекеттерімен ЖК-ң қызметіне араласуға жол берді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мекеме мамандарының тексеру іс-шараларын жүргізу үшін негіздері болмаған. Тексеруді тағайындау туралы актісі енгізілмеген және уәкілетті органда тіркелмеген. 

Көкшетау қаласы прокуратурасының ден қою актісі бойынша Тұрғын үй инспекция бөлімінің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы