Степногорск қ. прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Степногорск қ. прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде Степногорск қаласының әкімдігінде қала құрылысы Кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) жұмыс істеу фактісі анықталып, кәсіпкерлер эскиздік жобаларды келісуге міндеттелген.​

Атап айтқанда, Кеңес кәсіпкерлердің сауда нысандарын (дүкендер, ТҚС, моншалар, павильондар, оларды қайта құру және т.б.) салу бойынша эскиздік жобаларын қарастырған.

Кеңес мақұлдаудан бас тартқан жағдайда, кәсіпкерлерге жобаларды қайта ұсына отырып, ескертулерді жою ұсынылған.

Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен қала құрылысы Кеңесінің таратылуына қарамастан, Степногорск қаласының әкімдігінде Кеңес өз қызметін жалғастыруда.

Нәтижесінде кәсіпкерлер ұзақ уақыт бойы (6 айдан 2 жылға дейін) эскиздік жобаларға келісуге мүмкіндік болмады.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Кеңестің қызметі тоқтатылып, кәсіпкерлердің эскиздер мен жобаларды келісу міндеті алынып тасталды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы