Заңсыз тексерулерге жол берілмейді

Заңсыз тексерулерге жол берілмейді

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге 3 жылдық мораторий енгізілді. 

Нәтижесінде, Ақмола облысының аумағында 2020 жылдың өзінде ғана бизнес субъектілерін тексеру саны 2 есеге (8074-тен 4299-ға дейін) азайды.

Мысалы, Мобильді топ Шортанды ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметін заңсыз тексеру фактісін анықтады.

ЖҚС объектісін тексеру мораторий талаптарын бұза отырып (орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімін шығарусыз) ғана емес, тексеруді тағайындау және оны ҚСжАЕК органдарында тіркеу туралы нұсқама шығарусыз да жүргізілді.

Осыған байланысты ӘҚБтК-нің 175-бабының 1-бөлігі "Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Сот қаулысымен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы 14 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұтастай алғанда, мораторийдің қолданылу кезеңінде негізсіз тексерулер тағайындау фактілерінің жолын кесу оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасында тіркеу сатысында жүргізіледі.

Қабылданған шаралардың арқасында шағын кәсіпкерлік субъектілерін 12 негізсіз тексерудің алдын алды.

Мысалы, Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының мораторий белгілеген су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі тыйымына қарамастан, ағымдағы жылдың қаңтар айында шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеруді тағайындау туралы акт заңсыз шығарылған.

Осы тексеру актісін тіркеуден бас тартылды, кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тәулігіне 24 сағат бойы тексерушілердің іс-әрекетіне кәсіпкерлер жүгіне алатын прокуратуралардың барлық деңгейлерінде сенім телефондары бар (облыс прокуратурасының нөмірлері: 8 716 2 40-29-08, 8 777 615 75 29) Call-орталығы жұмыс істейтінін атап кеткен жөн.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы