Қаржы пирамидаларына "ЖОҚ" деп айтыңыз

Қаржы пирамидаларына "ЖОҚ" деп айтыңыз

Көкшетау қ. тұрғындары жоғары табыс табады деген үмітпен алаяқтың құрбанына айналды.

WhatsApp-мессенджерде топқа қосылуға шақырту алған жәбірленушілерге аз мөлшерде ақша салып, үстеме пайда алу ұсынылды.

Мұндай тартымды ұсынысқа 60-тан астам адам жауап берді.

Сенімді азаматтардан 24 млн. теңгеден астам қаражат жинап, топ әкімшісі байланысқа шығуды тоқтатты.

Бұл алданған салымшылардың полиция органдарына жүгінуіне әкелді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қаскүнем орнатылған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы ғана Ақмола облысында қаржы пирамидасын құрудың 4 фактісі тіркелгенін атап өткен жөн (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 2 факті).

Осыған байланысты, Ақмола облысының прокуратурасы қаржылық шешімдер қабылдау кезінде барынша байыпты қарауды және тез пайда табу мақсатын көздеп отырған алаяқтар мен басқа да салымшыларды көндіруге көнбеуді ұсынады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы