Прокуратураның жобасы аясында пайдаланылмаған жерлер қайтарылды

Прокуратураның жобасы аясында пайдаланылмаған жерлер қайтарылды

Біржан сал ауданының прокуратурасы «Пайдаланылмаған жерлерді қайтару» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Өткен айда прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде кадастрлық құны 492,6 млн теңгені құрайтын 121 мың гектардан астам жайылымдық жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жер учаскелері оларды пайдалану жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамаған «Sulu Daria» ЖШС-нен сот шешімі негізінде мемлекетке қайтарылды.

Осылайша, ауданда пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасын табуда. Бұған дейін прокуратураның жобасы аясында 26 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

Қайтарылған жерлерді тиімді пайдалану мақсатында қадағалау органы жергілікті атқарушы органдарға аталған жерлерді ауыл шаруашылығы қызметін жүргізу және әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыру үшін адал ниетті жергілікті тұрғындар мен инвесторларға беру жөнінде бағыт-бағдар берді.

Прокуратураның осы бағыттағы жұмысы жалғасуда.

Ақмола облысының прокуратурасы