Ақмола облысы прокурорының орынбасары Ерболат Жүсіп жұмыс сапарымен Бұланды ауданына келіп, азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың араласуын талап ететін өзекті мәселелер бойынша жүгінді.
Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Қосымша зерделеуді және нақты шаралар қабылдауды талап ететін мәселелер бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Азаматтар көтерген мәселелердің қаралуы прокуратураның бақылауына алынды.
Ақмола облысының прокуратурасы