Ақмола облысы прокурорының орынбасары Біржан сал ауданында азаматтарды жеке қабылдады

Ақмола облысы прокурорының орынбасары Біржан сал ауданында азаматтарды жеке қабылдады

2026 жылғы 2 қазанда Ақмола облысы прокурорының орынбасары   Ерболат.Е. Жүсіп жұмыс сапарымен Біржан сал ауданына барып, азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың араласуын талап ететін проблемалық мәселелерді шешу бойынша жүгінді.

Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, уәкілетті органдарға азаматтар көтерген мәселелерді шешуге бағытталған нақты міндеттер қойылды.

Жұмыс сапары аясында облыс прокурорының орынбасары Біржан сал ауданының Полиция бөліміне де барып, «Жедел басқару орталығы 2.0» жұмысының барысымен танысты.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды уақтылы анықтау мақсатында заманауи бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктері мен оны пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері және уәкілетті органдарға берілген тапсырмалардың орындалуы аудан прокуратурасының бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы