Атбасар ауданының прокуратурасымен Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына есірткі зертханасы жағдайында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды одан әрі өткізу мақсатында заңсыз дайындау фактісі бойынша бір топ адамдарға қатысты қылмыстық іс жолданды.
Басты сот талқылауы тағайындалды.
Айыптау уәждеріне түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.
Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында құқық қорғау органдары есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу және тергеу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.
Азаматтарды, әсіресе жастарды, қырағы болуға және есірткінің заңсыз айналымының ықпалына, берілмеуге шақырамыз. Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілері туралы ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.
Сот процесінің барысы мен оның нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз.
Ақмола облысының прокуратурасы