Атбасар ауданынының прокуратурасының үйлестірумен сотталғандарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Altan Group 2021» ЖШС жаңа май зауыты ашылды

Атбасар ауданынының прокуратурасының үйлестірумен сотталғандарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Altan Group 2021» ЖШС жаңа май зауыты ашылды

2026 жылғы 30 қыркүйекте ҚР ІІМ ҚАЖК «№1 мекеме» РММ аумағында күнбағыс майын өндіретін зауыттың ресми ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары Маралбек Ешимов қатысты.

Май зауытының ашылуы қосымша 120-ға дейін сотталған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Сол күні Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары Маралбек Ешимов Атбасар ауданының прокуратурасында азаматтарды жеке қабылдады.

Жеке қабылдау барысында азаматтардың өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті құқықтық түсіндірмелер берілді.

Сотталғандарды еңбекпен қамту, жаңа өндірістерді дамыту, кәсіпкерлік субъектілерін тарту, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы