Ақмола облысында облыс прокурорының орынбасары тағайындалды

Ақмола облысында облыс прокурорының  орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 23 қарашадағы бұйрығымен Бекжан Ермуханбетұлы Ақмола облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бекжан Ермуханбетұлы 1978 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебін, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды ​​заң институтының магистратурасын «Құқық қорғау қызметі», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді.

Қызмет жолын  Қостанай облысының ішкі істер органдарында   1997 жылы бастаған. Прокуратура органдарында 2010 жылдан бастап қызмет атқаруда.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар қызметі Бас прокурордың аға көмекшісі лауазымында қызмет атқарған.

Сыныптық шен - аға әділет кеңесшісі.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

 

Ақмола облысының прокуратурасы