Қосшы қаласында қала прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Лесная поляна» шағын ауданының аумағында мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) төрағаларының қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейдтік іс-шаралар барысында көппәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен кәмелетке толмаған балалардың құлау фактілерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. МИБ төрағаларымен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, профилактикалық шараларды қабылдау, сондай-ақ терезе конструкцияларының жай-күйін және қорғаныш құрылғыларының болуын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын ұсақ ұрлықтардың алдын алуға, сондай-ақ интернет-алаяқтықты, дропперлік қызметті және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралар барысында азаматтар мен МИБ өкілдеріне заңнама талаптары, аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына уақтылы жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ «Лесная поляна» шағын ауданының аумағында құқықтық тәртіп деңгейін арттыруға бағытталған қосымша профилактикалық шаралар айқындалды.
Ақмола облысының прокуратурасы