Жарқайың ауданының прокуратурасы қызметкерлердің жалақыны уақтылы алуы бойынша конституциялық құқықтарын қорғады

Жарқайың ауданының прокуратурасы қызметкерлердің жалақыны уақтылы алуы бойынша конституциялық құқықтарын қорғады

Жарқайың ауданының прокуратурасымен еңбекке ақы төлеу саласындағы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесінде «Коммунсервис» ШЖҚ МКК-де 66 қызметкердің алдында жалпы сомасы 7,5 млн теңге көлемінде жалақы бойынша берешек қалыптасқаны анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтеліп, 66 қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Еңбек заңнамасының сақталуы аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.

 Ақмола облысының прокуратурасы