Астрахан ауданы прокуратурасы оқушылармен «Прокурор сағатын» өткізді

Астрахан ауданы прокуратурасы оқушылармен «Прокурор сағатын» өткізді

      Астрахан ауданының прокуратурасы өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының оқушыларымен «Прокурор сағаты» профилактикалық іс-шарасын өткізді.

     Іс-шара барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің салдары түсіндірілді.

     Сонымен қатар, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Оқушылар прокурорларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық сипаттағы түсіндірмелер алды.

     Кездесу соңында жастарды заңды құрметтеуге, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауға шақырды.

Ақмола облысының прокуратурасы