Целиноград ауданының прокуратурасымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Талапкер ауылында мектеп оқушылары арасында «Адалдық пен парасаттылық – заң мен тәртіптің негізі» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу.
Дебатқа ауданның әртүрлі мектептерінен «Жас Ұрпақ» жобасының қатысушыларынан құралған 6 команда қатысты.
Оқушылар тақырып аясында өз ұстанымдарын білдіріп, пікір алмасып, заң мен тәртіпті сақтауда адалдық пен парасаттылықтың маңызын талқылады.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің шешендік қабілеттерін, сыни ойлау және дәлелді пікір білдіру дағдыларын көрсетті.
Іс-шараға жалпы 400-ден астам оқушы қамтылды.
Дебат қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командаларға ақшалай сертификаттар табысталып, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы