Прокуратураның араласуымен инвестициялық жобаға жаңа серпін берілді

Прокуратураның араласуымен инвестициялық жобаға жаңа серпін берілді

Ақмола облысының прокуратурасы Степногорск қаласында агроөнеркәсіп саласында құны 5,8 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «BRESK» ЖШС-нің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады.

Жер пайдалану мерзімін ұзарту мәселесінің шешілмеуі жобаны одан әрі қаржыландыруға және іске асыруға кедергі келтірген.

Прокуратураның араласуы нәтижесінде жер пайдалану құқығының мерзімін жаңа мерзімге ұзарту қамтамасыз етілді.

Қабылданған шешім әкімшілік кедергіні жойып, қаржыландыру тартуға және инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға қажетті жағдай жасады.

Ақмола облысының прокуратурасы