Көкшетау қаласында қараусыз қалған нысандарды жою жұмыстары жалғасуда

Көкшетау қаласында қараусыз қалған нысандарды жою жұмыстары жалғасуда

Прокуратурасы Көкшетау қаласының уәкілетті органдармен бірлесіп, қараусыз қалған және апатты жағдайдағы, қоғамға жат өмір салтын ұстанатын адамдардың жиналатын орындары болып табылатын нысандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі таңда қала прокуратурасының үйлестіруімен 70-тен астам қараусыз қалған ғимарат анықталып, оның 17-сі бұзылды. Сонымен қатар, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 12 объектінің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және Көкшетау қаласы прокуратурасының бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы