Бурабай ауданында құны шамамен 500 млн долларды құрайтын Zijin RG Gold компаниясының алтын өндіру фабрикасының құрылысы басталды. Жаңа фабрика 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Символикалық капсула қалау рәсіміне өңір басшысы Марат Ахметжановпен қатар Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов, Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Арман Хасенов және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Айта кету керек, жоба бастапқы кезеңде жер пайдалану құқығына қатысты мәселелерге тап болды. Алайда «прокурорлық сүзгі» тетігі жер учаскесіне негізсіз талаптардың қойылуына жол бермей, инвестордың құқығын қорғауды және жобаның одан әрі іске асырылуын қамтамасыз етті.
Жобаға бекітілген инвестициялық прокурор оның іске асырылу барысын бақылауды жалғастырады.
Ақмола облысының прокуратурасы