Бурабай ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтар қорғады

Бурабай ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтар қорғады

Ақмола облысында мүгедектігі бар 31 адамның «Инватакси» қызметін алу құқығы қалпына келтірілді.

Бурабай ауданы прокуратурасының бастамасы бойынша Щучинск қаласы тұрғындарының мүгедектігі бар адамдарға «Инватакси» қызметін көрсету кезінде олардың құқықтарының бұзылуы туралы өтініштері негізінде тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде техникалық ерекшелікке әрбір қызмет алушы үшін машина-сағат саны бойынша шектеулер енгізілгені анықталды. Бұл ретте мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызмет көрсетудің қолданыстағы қағидаларында мұндай шектеулер көзделмеген.

Сонымен қатар, тапсырыс беруші «Инватакси» қызметінің күндізгі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс режимін анықтамаған. Бұл азаматтардың көлік қызметтеріне тең қол жеткізуіне кері әсерін тигізген.

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша:

  • 31 адамның, оның ішінде 25 кәмелетке толмаған баланың құқықтары қалпына келтірілді;
  • техникалық ерекшелікке тиісті өзгерістер енгізілді;
  • әрбір қызмет алушы үшін «Инватакси» қызметін көрсету сағаттарының санын шектеу туралы ережелерді алып тастау жөнінде мемлекеттік сатып алу шартына қосымша келісім жасалды.

Ақмола облысының прокуратурасы