Степняк қаласындағы орталық кітапхана ғимаратында Біржан сал ауданы прокуратурасының бастамасымен есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Нашақорлыққа жол жоқ» атты профилактикалық акция өткізілді.
Іс-шараға еріктілер қозғалысының өкілдері, аудандық орталық аурухана және аудан прокуратурасының қызметкері қатысты.
Қатысушыларға есірткі заттарын қолданудың зияны, тәуелділіктің қалыптасу қаупі, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға және медициналық әрі психологиялық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.