
Бурабай ауданы прокуратураның бастамасымен, полиция бөлімі мен волонтерлердің қатысуымен есірткі құралдарын заңсыз жарнамалауға бағытталған граффити- жазбаларды анықтау және жою мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қараусыз қалған ғимараттар мен қоғамдық орындар тексеріліп, есірткі құралдарын заңсыз жарнамалайтын жазулар мен байланыс декертері боялып, жойылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты- қоғамда есірткіге деген мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, жастарды зиянды ақпараттың ықпалынан қорғау және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу.
Аудан прокуратурасы есірткі құралдарын тарату заңмен тыйым салынған және заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
Ақмола облысының прокуратурасы