Атбасар ауданы прокуратурасының үйлестіруімен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді

Атбасар ауданы прокуратурасының үйлестіруімен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын, сондай-ақ «Қайталанған құқық бұзушылықтың алдын алу» жобасын іске асыру аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Атбасар ауданының прокуратурасы Атбасар ауданының Мансап орталығымен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, сондай-ақ профилактикалық есепте және әкімшілік қадағалауда тұрған адамдар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен аудан жұмыс берушілері қатысып, қатысушыларға қолда бар бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыспен қамту – әлеуметтік бейімделудің және қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша есепте тұрған 3 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне және заңға бағынатын өмір салтына қайта оралуына ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы