Астана маңындағы «Жайлау сити» ТҮҚК үлескерлері Ақмола облысының прокуратура қызметкерлеріне алғыс білдірді

Астана маңындағы «Жайлау сити» ТҮҚК үлескерлері  Ақмола облысының прокуратура қызметкерлеріне алғыс білдірді

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысушы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында тұр.

Мәселен, Бас прокуратураға тұрғын үй кешенін салу мәселелерін шешудегі кәсібилігі үшін «Жайлау сити» тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің атынан алғыс хат келіп түсті.

Үлескерлер Целиноград ауданы мен Ақмола облысы прокуратурасының ұжымына Қосшы ауылындағы «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенін рәсімдеу мен салудың құқықтық мәселелерін шешуге көмектескені үшін алғыстарын білдірді.

Алғыс хатта: «Сіздің ведомствоға игі істерде барлық игілік пен табыс, кәсіби басшы бастаған еліміздің өркендеуін тілейміз», - делінген.

Прокуратураның үйлестіру шараларының арқасында бір үйдің құрылысы аяқталып, екі үйдің құрылысы басталған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында үйлердің алғашқысы пайдалануға берілді. Үлескерлердің 134 отбасы тұрғын үйге ие болды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы