Біржан сал ауданының прокуратурасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді

Біржан сал ауданының прокуратурасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді

Ағымдағы жылғы 8 шілдеде аудан әкімдігі ғимаратында Біржан сал ауданының прокуроры Әнуар Құлышевтың төрағалығымен уәкілетті және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында «Lingvo Camp» балаларды оқыту-сауықтыру орталығы тәрбиеленушілерінің жаппай сырқаттану мән-жайлары, орын алған оқиғаның себептері, жүргізілген тексеру іс-шараларының нәтижелері, сондай-ақ алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған қосымша шаралар қаралды.

Сонымен қатар, қатысушылар ауданның су айдындарында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғаларды алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың мопедтер мен өзге де механикалық көлік құралдарын пайдалануына бақылауды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан прокуроры балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау сөзсіз басымдық болып табылатынын атап өтіп, әрбір лауазымды тұлғаға алдағы уақытта осындай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Ақмола облысының прокуратурасы