Жақсы ауданының прокуратурасы «Қауіпсіз жағалау» акциясын өткізді

Жақсы ауданының прокуратурасы «Қауіпсіз жағалау» акциясын өткізді

Жақсы ауданының прокуратурасы полиция бөлімімен, төтенше жағдайлар бөлімімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясын өткізді.

Акция аясында кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау мәселелері бойынша кең көлемді түсіндіру-профилактикалық жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Жақсы ауданының су айдындарының жағалау аумақтарында бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жүргізді.

Акцияның негізгі мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-аналар мен заңды өкілдердің кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына қатысты жауапкершілігін арттыру.

Жақсы ауданының прокуратурасы аудан тұрғындарын су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Әрбір азаматтың қарапайым сақтық шараларын сақтауы адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.

Ақмола облысының прокуратурасы