Біржан сал ауданында мал ұрлығы мен алаяқтықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстары күшейтілді.
Іс-шаралар кешені аудан прокуратурасымен ағымдағы жартыжылдықтың басынан бастап әзірленген 2026 жылға арналған осы қылмыс түрлеріне қарсы іс-қимыл жоспары аясында, уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың орындауы үшін жүзеге асырылуда.
Жоспарда ауданның әрбір елді мекенін қамту көзделген.
Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтарды алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
Алғашқы профилактикалық іс-шаралар Үлгі және Сәуле ауылдарының тұрғындарын қамтыды. Аталған елді мекендерде халықпен кездесулер өткізіліп, алаяқтық жасау тәсілдері, мүлікті сақтау шаралары, мал ұрлығының алдын алу жолдары түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.
Жалпы алғанда, жүргізіліп жатқан жұмыс «Заң мен тәртіп» идеологиясын, сондай-ақ халықпен ашық диалог жүргізуді, тәуекелдерге уақтылы әрекет етуді және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты көздейтін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруға ықпал етеді.
Ақмола облысының прокуратурасы