Ақмола облысы прокуратурасы 23 жаңа туған сәбидің құқықтарын қалпына келтірді

Ақмола облысы прокуратурасы 23 жаңа туған сәбидің құқықтарын қалпына келтірді

Астрахан аудандық прокуратурасы денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың сақталуын талдау барысында жаңа туған сәбилердің мемлекет кепілдік берген қолдау шараларын алу құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Тексеру нәтижесінде аудандық аурухананың кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында берілетін «Ана мен бала» жинақтарын 23 жаңа туған сәбиге уақытылы ұсынбағаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аурухана анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында 120 дана «Ана мен бала» жинағын мемлекеттік сатып алу арқылы қамтамасыз ету шараларын қабылдады.

Осылайша, 23 жаңа туған сәбидің құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар, биыл дүниеге келетін балаларды аталған жинақтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті қор жасақталды.

Азаматтардың әлеуметтік маңызы бар салалардағы құқықтарын қорғау жұмыстары аудан прокуратурасының ерекше бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы