Қала прокуратурасы қадағалау қызметі аясында халыққа дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің қолжетімділігі мәселесі бойынша талдау жүргізді.
Талдау барысында жергілікті атқарушы орган тарапынан спорт объектілеріне тегін және жеңілдетілген негізде баруға құқығы бар азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ берілетін жеңілдіктердің мөлшері бекітілмегені анықталды. Бұл азаматтардың заңда көзделген әлеуметтік кепілдіктерді алу құқықтарын шектеген.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылып, тиісті шешім мәслихат сессиясында бекітілді.
Нәтижесінде 24 мыңнан астам азаматтың дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін және жеңілдетілген негізде алу құқықтары қалпына келтірілді.
Қабылданған шаралардың арқасында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері 7 жасқа дейінгі балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне және спорт ардагерлеріне тегін көрсетілетін болды.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларына, студенттерге және зейнеткерлерге қызмет құнының 50% мөлшерінде жеңілдік қарастырылған.
Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Ақмола облысының прокуратурасы