Ақмола облысы прокуратурасы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды

Ақмола облысы прокуратурасы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды

2026 жылғы 29 маусымда Ақмола облысының прокуратурасында өңір прокуратурасы органдарының 2026 жылдың 6 айындағы қызмет қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Жалпы, өңірде қылмыс деңгейі 27%-ға төмендеді. Оның ішінде адам өлтіру қылмыстары – 33%-ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар – 19%-ға, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар – 4,3%-ға, алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстар – 2,6%-ға азайды. Алаяқтық қылмыстарының саны 55%-ға, оның ішінде интернетті пайдалану арқылы жасалған алаяқтықтар 59%-ға қысқарды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында мемлекетке 4,4 млрд теңге көлеміндегі мүлік қайтарылды, 3,7 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілмеді, бюджетке 1,3 млрд теңге өндірілді. 42 мың азаматтың, оның ішінде 15 мың конституциялық құқығы қалпына келтірілді. Сондай-ақ 300 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Есепті кезеңде облыс аумағында жалпы құны 418,6 млрд теңгені құрайтын 47 инвестициялық жоба іске асырылып, 3,6 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Инвесторлардың мәселелерін жедел шешуге ерекше назар аударылуда.

Жалпы сомасы шамамен 50 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалар бойынша 32 проблемалық кейс шешімін тапты.

Алқа мәжілісі барысында қалалық және аудандық прокурорлардың, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер басшыларының есептері тыңдалды. Қатысушылар қадағалау, құқық қорғау және үйлестіру қызметінің негізгі нәтижелерін талқылады.

Алқа қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелерге, өңірдің қала және аудан прокурорларына ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру және заңдылықты одан әрі нығайту, оның ішінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында нақты тапсырмалар берілді.

Ақмола облысының прокуратурасы