Іс-шара барысында жаңадан қабылданған Конституцияның негізгі нормалары мен өзгерістері түсіндіріліп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру мәселелері талқыланды.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, заңға құрмет пен қоғамдық жауапкершілікті арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Ақмола облысының прокуратурасы