Зеренді ауданының прокуратурасы төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясын өткізді.
Акция барысында демалушыларға су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптар түсіндірілді, атап айтқанда:
Азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, сақтық шаралары мен судағы қауіпсіздік қағидалары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.
Су айдындарының маңында демалып жүрген ата-аналар мен кәмелетке толмағандармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды.
Аудан прокуратурасы еске салады: су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау – әр азаматтың міндеті.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
Ақмола облысының прокуратурасы