Көкшетау қаласының прокуратурасы Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлының, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және инвесторлар өкілдерінің қатысуымен қала аумағындағы инвестициялық нысандарға жұмыс сапарын ұйымдастырды.
Жұмыс сапары барысында инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы зерделеніп, олардың жүзеге асырылуына қатысты өзекті мәселелер мен проблемалық сұрақтар қаралды. Жобаларды іске асыру мерзімдерінің сақталуына, инженерлік инфрақұрылымға қосылуына, логистика мәселелеріне және инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.
Инвесторларға олардың құқықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуға жол бермеуге бағытталған «прокурорлық сүзгі» тетігінің қолданылуы түсіндірілді.
Қала прокурорының бақылауымен инвестицияларды сүйемелдеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытында жұмысты жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда.
Ақмола облысының прокуратурасы