Аудан прокуратурасы аудандық полиция бөлімімен бірлесіп балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық акциясы өткізді.
Іс-шара барысында балалар мен олардың ата-аналарына жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, жол белгілерінің талаптарын орындау және жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Акцияның мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру.
Аудан прокуратурасы мен полиция бөлімі азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.
Ақмола облысының прокуратурасы